Жедел обструктивті бронхит балаларда

Утратил силу — Архив

Также:
P-P-009

Республиканский центр развития здравоохранения

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)

Версия: Архив — Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Категории МКБ:
Слизисто-гнойный хронический бронхит (J41.1)

Анықтамасы

Анықтамасы

Анықтамасы

Обструктивті бронхит

– тыныс алу жолдарының кері обстуркциясымен өтетін əртүрлі себепті бронх шырышты қабығының диффузды жіті қабынуы.

Хаттама коды: P-P-009 «Балалардың обструктивті бронхиті»
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.

АХЖ коды:

J40    Жіті немесе созылмалы ретінде анықталмаған бронхит.

J41.0 Жəй созылмалы бронхит.

J41.1 Сілемейлі – іріңді созылмалы бронхит.

J41.8 Аралас, жəй жəне сілемейлі-іріңді созылмалы бронхит.

J42    Анықталмаған созылмалы бронхит.

Мобильное приложение «MedElement»

— Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

— Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение «MedElement»

— Профессиональные медицинские справочники

— Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі

1. Обструктивті бронхит.

2. Қайталамалы бронхит.

3. Жіті бронхит.

4. Созылмалы бронхит.

Қауіп-қатерлі факторлар

1. Қоршаған ауаның ластануы.

2. Төмен əлеуметік-экономикалық жағдай.

3. Тұқым қуалайтын бейімділік.

4. Аллергиялық ауруға бейімділігі.

5. Аденовирусты жұқпа.

Диагностика

1. Шулы тыныс, экспираторлық ентікпе.

2. Тұрақты үдемелі жөтел, жиірек түнде пайда болады.

3. Дене температурасының жоғарылауы.

1. Перкуторлы қораптық дыбыс.

2. Сырылдар мен орналасулар жөтелден соң өзгереді. Бронхолитиктерге жақсы реакция.

3. Қиындаған тыныстың болуы, осы фонда – ысқырмалы сырылдар.

Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.
 

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер — пульмонолог (қайталанбалы обструктивті эпизодтарда).

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

2. Жалпы қан анализі.

3. Жалпы зəр анализі.

4. Ішек құртының болуына нəжісті зерттеу.
 

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Пикфлоуметрия.

2. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу.

3. Аллерголог консультациясы.

4. Қақырық анализі жəне себіндісі.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулер: Қанның жалпы анализі (лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру  себебі

Диагноз пайдасына

Обструктивті бронхит

— Анамнезде демікпелік тыныс тек қана салқын тиюмен байланысты нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде

демікпе / экзема / поллиноздың болмауы;

— Ұзарған тыныс;

— Аускультацияда – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);

— Бронхолитиктерге жақсы реакция;

— Көріністер демікпедегіге қарағанда негізінен аз екені айқын.

Демікпе

— Анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кейбір жағдайда;

— ЖРВИ байланыссыз;

— Көкірек клеткасының кеңеюі;

— Ұзарған тыныс;

— Аускультацияда – əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);

— Бронхолитиктерге жақсы реакция.

Бронхиолит

— 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші жағдайы;

— Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі;

— Көкірек клеткасының кеңеюі;

— Ұзарған тыныс алу

— Аускультацияда– əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте күшті – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);

— Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.

Бөгде дене

— Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кенеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор;

— Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;

— Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы;

— Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;

— Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.

Пневмония

— Жөтел жəне жиілеген тыныс;

— Көкірек клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі;

— Қызба;

— Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, сулы сырылдар;

— Мұрын қанаттарының кеңеюі;

— Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).

Емдеу тактикасы

1. Тыныс жеткіліксіздігі мен тұншығу ұстамаларының белгілерін басу, тыныс алу функцияларын қалпына келтіру.

2. Уыттану симптомдарын жою, өзін өзі сезінуді жақсарту, тəбеттің жəне дене температурасының қалпына келуі.

1. Адекватты гидратация (көлемді жылы сұйықтықтар);

2. Емшекпен тамақтандыру жəне жасқа сəйкес адекватты тамақтану;

3. Қызба жəне тыныс жеткіліксіздігі кезеңінде төсек режимі.

Дəрі-дəрмектік ем:

— Амброксол таблетка түрінде 30,0 мг-нан күніне 3 рет, 7-10 күн бойы, 1 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 15 мг / 5 мл сироп қабылдау керек;

— Антибиотикпен емдеу тек ұзақ мерзімді қызба мен пневмонияның басқа да белгілері болғанда тағайындалады: амоксициллин 15 мг/кг күніне 3 рет 5 күн бойы немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг күніне 3 рет);

— 38,5 С˚ жоғары қызбаны тоқтату (парацетамол – 10-15 мг/кг күніне 4 рет);

— Сальбутамолмен емдеу тек 1 жастан жоғары балаларға, мынадай дозамен қолданады: ингаляциялар 0,2- 0,3 мг/кг/тəу немесе 1-2 доза тəулігіне 2-4 рет, сонымен бірге. капсулада 2,0мг 1 капс. күніне 3 рет.
 

Читайте также:  Можно ли при бронхите линкомицин

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. ** Амброксол 30,0 мг табл., 15 мг / 5,0 немесе 30 мг/5,0 сироп;

2. **Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл , оның қабықшасын жабу 500 мг / 125 мг, 875 мг /125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг, 1000 мл / 200 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге;

3. **Амоксициллин 500-1000 мг табл.; 250-500 мг капсула; 250 мг / 5 мл пероралды суспензия;

4. ** Парацетамол 500 мг табл.;

5. ** Сальбутамол 100 мкг / доза; 2 мг, 4 мг капсула; 20 мл небулайзерге арналған ерітінді;

6. **Флютиказон аэрозоль 50 мкг / 120 доза, 125 мкг / 60 доза, 250 мкг / 120 доза;

7. Сальметерол 25 мкг / 120 доза;

8. Сальметерол + флютиказон 25 мкг / 50 мкг 120 доза, 25/125 мкг / 120 доза, 25/250 мкг /120 доза аэрозоль, 50 мкг /100 мкг 60 доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60 доза ұнтақты ингалятор.
 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.
 

Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Обструктивті синдромы басылуы.

2. Дене температурасын қалпына келуі.

3. Жөтелдің жоғалуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

** — Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Госпитализация

Госпитализациялауға көрсетімдер:

1. Демікпелік статус.

2. Бронхолитиктерді қабылдауда 3 күн ішінде нəтиже бермеуі.

3. Тыныс алудың ауыр жеткіліксіздігінін белгілері.

4. Тыныштық күйдегі стридор.

Профилактика

· Науқастармен жəне вирус тасымалдағыштармен қатынасты шектеу;

· Бетперде кию жəне ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің ауыруында — қол жууы;

· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;

· Шынығу шараларын жүргізу.
 

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:

1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).

2. Обструктивті синдромның рецидиві кезінде аллерголог, пульмонолог консультациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 — 2007, №165 — 2012)

    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер:
      1. Treatment of obstructive bronchitis and acute asthma in children EBM Guidelines 12.1.2005
      2. Bronchitis. Philadelphia (PA): Intracorp; 2005. Various p.
      3. Guideline For The Management Of Acute Exacerbation Of Chronic Bronchitis (AECB), Alberta medical Association, 2001

Ақпарат

Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

Если вы не являетесь медицинским специалистом:

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
     
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro»,
    «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта», не может и не должна заменять очную консультацию врача.
    Обязательно
    обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
     
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может
    назначить
    нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
     
  • Сайт MedElement и мобильные приложения «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro»,
    «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта» являются исключительно информационно-справочными ресурсами.
    Информация, размещенная на данном
    сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
     
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший
    в
    результате использования данного сайта.

Источник

1. «Астана медицина университеті» АҚ Балалар аурулары кафедрасы Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит.

Орындаған: Аралбай Р. 435-ЖМ
Қабылдаған: Капарова Р.К
Астана 2017

2. Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі
Жедел бронхит
Жедел обструктивті бронхит
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Обструктивті синдром немесе
бронхобструкция негізіне аллергиялық
қабыну және бронхтар гиперреактивтілігі
жататын, тыныс қиындығы ұстамаларымен
білінетін, диффузды обструкция, беткейлі
бронх еттерінің спазмы, шырыш
гиперсекрециясы, бронх қабаты ісінуімен
белгілі ауру.
Бронхобструктивті синдром – көбінесе
балалар ауруы болып табылады, әсіресе 3
жасқа дейінгі балалар. Төменгі тыныс
жолдарының ауруымен ауыратын балалар 40
% , респираторлы вирусты инфекциямен
ауыратын балалар 50 %, аллергиясы бар
балалар 30 % кездеседі.

4. Жедел бронхит

— бронхтар кілегей қабығының диффузды
бейспецификалық жедел (жедел эндобронхит),
сирегірек -қабырғасының барлық
қабаттарының бір мезгілде қабынуы
(панбронхит).

Читайте также:  При бронхите горчичники или банки при

5.

6. Этиологиясы

Көбінесе жедел респираторлы вирусты инфекцияның (ЖРВИ)
салдарынан бронхтардың шырышты қабаттарында өзгерістер
болады, дегенмен бронхиттің клиникасы әрдайым көрініс бере
бермейді. Рино-, респираторлы синцитиалды және паратұмаудың
(парагрипп) 3 типтегі инфекциялары бір жасқа дейінгі балаларда
бронхитті жиі туындатады, ал ересек балаларда тек қана
жоғарғы тыныс жолдарынының катаральды өзгерістері ғана
болады.
Балаларда бактериалды (пневмококтар, стрептококтар мен
стафилококтар, гемофилді таяқша) қоздырғыштар әсерінен
болатын бронхиттер сирек кездеседі. Олар негізінде
мукоцилиарлы клиренстің қатаң бұзылыстары болған кезде ғана
дамиды (бөгде зат, көмекей стенозы, интубация, трахеостома,
бронхтардың дамуындағы ақаулар, муковисцидоз, цилиарлы
дискинезия).
Бір жасқа дейінгі балаларда бронхитті респираторлы
вирустармен қатар «атипті» микроорганизмдер, яғни
микоплазма және хламидиялар да туындатады. Олардың
жиіленуі мектеп жасындағы балаларда, әсіресе күз айларында
байқалады

7. Патогенезі

Вирустар тыныс жолдарының эпителий
қабатында көбейіп, оларды зақымдайды, әрі
бронхтардың қабырғаларының кедергілік
қасиетін тежейді және бактериалды қабынуға
қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар
вирустар жүйкелік ганглилердің зақымдануына
алып келеді, яғни бронхтардың сағасының
жүйкелік реттелуін және оның қоректенуін
бұзады

8. Клиникалық көрінісі.

Жедел жай бронхитте (ЖЖБ), әдетте, науқаста дене қызуының жоғарылауы,
бастың ауруы, ринит, фарингит, ларингиттің белгілері байқалады, әлсіздік пайда
болады. Жөтел – ЖЖБ-ның негізгі белгісі. Жөтел бастапқыда құрғақ, сонан соң
(аурудың 4-8 күнінде) біршама жұмсақ, ылғалды болады. Кейде балалар жөтелі
күшейгенде кеуде қуысының төменгі жағында ауыру сезімі болатынына
шағымданады. Жөтелу кезіндегі ауру сезімі трахеобронхитке тән. Жөтел екі
аптаға дейін созылады.
РС-вирусты инфекция кезінде сәбилердің, микоплазмалық және аденовирусты
инфекция кезінде ересек балалардың жөтелуі ұзақ уақытқа созылады.
Аускультация кезінде құрғақ, ірі және орташа көпіршікті сырылдар естіледі және
олар саны мен сипаты бойынша өзгеріп отырады. Дегенмен, сырылдар жөтелгенде
де жоғалмайды, себебі балалар қақырықты түкіре алмайды, көбінесе жұтады.
Перкуссия кезінде анық өкпелік, жиіленген, қорап тәрізді дыбыс естіледі .
Аурудың 6-8-күніне қарай жөтел азаяды, науқастың дене қызуы қалпына келеді,
өкпесіндегі сырылдар жоғалады. Кейде бронхит бірден дамымай, ЖРВИ-мен бірге
жүреді, ал кеш жағдайларда екіншілік инфекцияның қосылуы нәтижесінде
асқынған түрде болады. Мұндай кездерде науқастың жалпы жағдайы нашарлайды,
дене қызуы жоғарлайды, жөтелі күшейеді, өкпесінен ірі және орташа көпіршікті,
ылғалды сырылдар естіледі. Нәрестелер мен сәбилердегі бронхиттің салдары
пневмониялық асқынуға алып келуі мүмкін.

9.

10. Жедел бронхиттің диагностикалық белгілері:

1.Уланудың, риниттің, назофарингиттің белгілері.
2.Жөтелдің сипатына қарай: аурудың басталуы кезінде жөтелдің құрғақ
болуы, ал бірнеше күннен (4-5) кейін ылғалдыға айналуы.
3.Қақырық көбінесе шырышты сипатта болады.
4.Тыныс жетіспеушілігінің белгілері болмайды: ентікпе жоқ, қосымша
бұлшық ет тыныс алуға қатыспайды, көгеру белгілері болмайды.
5. Аускультация кезінде қатаң тыныс естіледі. Сырылдары
симметриялы болғанымен, жөтелген кезде өзгереді. Аурудың бастапқы
кезінде құрғақ сырылдар болса, кейін ылғалды орташа және ірі
көпіршікті сырылдар пайда болады.
6.Перкуссия кезінде өкпеде өзгерістер болмайды.
7.Гемограммадағы өзгерістер тұрақты емес, эритроциттердің тұну
жылдамдылығы (ЭТЖ) жоғарылайды, лейкопения немесе аздап
лейкоцитоз болады.
8.Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпелік суреттің күшеюі
байқалады, өкпе түбірінің көлеңкесі кеңейген, айқын емес болады

11.

12. Салыстырмалы диагностика

Салыстырмалы диагностика бірінші кезекте
пневмониямен салыстырыла жүргізіледі
(пневмония кезінде тыныс шуылдарының
әлсіз болуы, перкуторлы дыбыстың қысқаруы,
тұрақты ұсақ көпіршікті және сықырлы
сырылдардың болуы). Барлық күмәнді
жағдайлар кезінде міндетті түрде өкпенің
рентгенографисы жасалуы қажет.

13. Жедел жай бронхиттің емі.

1.Ауруханаға жатқызу міндетті емес.
2.100 мл/кг көлемінде жылы сұйықтықты көп ішу (шай, морс, компот, газсыз
минералды сулар).
3.Ем-дәм негізінде сүтті-өсімдіктектес тағамдар тағайындалады, аллергияны
туындататын өнімдер шектеледі
4.Жөтелге қарсы орталыққа әсер ететін дәрілер – тек мектеп жасындағы балаларға
құрғақ күшті жөтел кезінде (амброксол, бронхосан, ацетилцистеин)
5.Муколитиктер. Ацетилцистеин (Флуимуцил) немесе амброксол гидрохлорид
6.Ысқыма (массаж), кеуде қуысының білтесі (дренажы), жөтелу рефлексін
ынталандыру, тыныс алуға арналған гимнастика.
7. Азитромицин 5 мг/кг тәулігіне (1-күні 10 мг/кг) 5 күн бойы.
8. емдік денешынықтыру жатқан қалыпта орындалады, кеуде қуысының ысқымасы
жүргізіледі, егерде қақырық болса вибрационды және перкусиялық ысқыма
қолданылады. Қосымша түрде тағайындалуы мүмкін дәрі-дәрмектер: жөтел ылғалды
болғанда және қақырықтың шығуы қиындағанда, қақырыққа қарсы заттар
қолданылады. Сондай-ақ жас мөлшеріне байланысты ингаляция түрінде флуимуцил,
Амроксол гидрохлорид тағайындалады. Сонымен бірге қақырықты шығаруға әсер
ететін өсімдіктектес дәрі-дәрмектер (ипекакуан, алтей және т.б.) тәжірибеде кең түрде
қолданылады.

14. Жедел обструктивті бронхит

клиникалық түрі айқын обструкциялық
бронхиттің көрінісімен өтетін
бронхиттің бір түрі. Жедел обструктивті
бронхит ересектерге қарағанда
балаларда кездесу жиілігі 20-25%
құрайды.

15. Этиологиясы

Жедел обструктивті бронхит әртүрлі генездегі респираторлы
вирустар, микоплазмалар, хламидиялар әсерінен болады,
алайда ерте жастағы балаларда бұл ауру көбінесе
респираторлы-синцитиалды (РС) вирустардың,
цитомегаловирустардың, 3-типтегі паратұмаудың
вирустарының және аденовирустардың әсерінен болуы мүмкін.
Жедел обструктивті бронхитке әкеп соғатын факторлар:
жүктілік кезінде анасының темекі тартуы (балада тыныс
жолдарының өте тар болуына әкеледі), баланың «ластанған
ауамен тыныс алуы», феталды алкогольдық синдром, сәбидің
құрсақішілік дамуының кідіруі, конституциялық ауытқулар,
яғни экссудативті-катаральды және лимфатикогипопластикалық диатездер.

Читайте также:  Супракс при бронхите по сколько принимать

16. Патогенезі

Обструкция келесі механизмдерге, яғни
бронхтардың бұлшық еттік
қабырғасының тарылуына, шырышты
қабаттың ісінуіне және шырыштың
гиперсекрециясына байланысты.

17. Клиникалық көрінісі.

Науқастың дене қызуы жоғарылайды
Жоғарғы тыныс жолдарында катаральды өзгерістер пайда болады.
Науқастың тыныс алуы жиілеп, тыныс шығаруы ұзарады.
Тыныс алуы шулы және ысқырықты болады, яғни бронх кеңістігінде секреттердің бөлінуі
мен жиналуы және ентікпе мен қызбаның салдарынан секреттің жабысқақтық қасиеті
өзгереді. Нәтижесінде ол «кеуіп» ызыңдаған және ысқырықты құрғақ сырылдардың пайда
болуына алып келеді.
Бронхтардың зақымдануы жайылған сипатта болады, яғни құрғақ ысқырықты сырылдар
кеуде қуысының барлық жерінен бірдей естіледі. Сырылдарды алыстан естуге болады.
Баланың жасы кіші болған сайын құрғақ және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі .
Науқастың ентікпесі күшейген сайын тыныс алуға қосымша бұлшық еттердің қатысуы айқын
көрінеді, яғни қабырғааралық, эпигастри мен бұғанаүсті ойықтың төмен түсіп кетуі және
мұрын қанаттарының кернелуі байқалады. Тері қабаттарының бозаруы, мұрын-ауыз
үшбұрышында көгерудің болуы, мазасыздануы, қалыпты жағдайда қолын тіреп отыруы да
спастикалық компонентті айқындайды.
Баланың жасы кіші болған сайын тыныс алу жетіспеушілігі анық көрінеді . Физикалық
тексеру кезінде қатаң тыныс пен құрғақ сырылдардан басқа өкпенің кернелуі (вздутие),
сондай-ақ жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекараларының тарылуы байқалады.
Перкуторлы қораптық дыбыс естіледі. Тыныс алу кезінде бронхтардың ұсақ тармақтарының
тарылуы нәтижесінде өкпенің кернеледі және ол қалдық көлемнің ұлғаюы мен
вентиляциялық тыныс жетіспеушілігіне алып келеді.

18.

19. Жедел обструктивті бронхиттің диагностикалық белгілері:

1.Тыныс шығаруы ұзақ, ысқырықты әрі алыстан естіледі.
2.Кеуде қуысының кернелуі, (қабырғалардың көлденең орналасуы),
тыныс алуға қосымша бұлшық еттік мускулатураның қатысуы,
қабырғааралық ойықтың ішке енуі.
3.Тыныс жетіспеушілік белгілерінің айқын болмауы.
4.Құрғақ, ұстамалы түрдегі, ұзаққа созылатын жөтелдің болуы.
Бірінші аптаның аяғында жөтел ылғалды болады.
5.Перкуторлы өкпеде қораптық дыбыс естіледі.
6.Аускультация кезінде тыныс шығарудың ұзаруы, ысқырықты
құрғақ сырылдар көбірек естіледі.
7.Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпелік суреттің күшеюі
және өкпе түбірінің кеңеюі байқалады.
8.Қан анализінде лимфоцитоз бар екені көрінеді.

20. Салыстырмалы диагностикасы

Жедел обструктивті бронхит жұқпалы және
аллергиялық генезбен салыстырмалы
диагностика қойғанда біршама қиындықтар
туады. Бөгде зат түскенде дені сау балада жөтел
мен өкпедегі өзгерістер кенеттен пайда болады,
бірақ вирустық инфекциялардың белгілері
болмайды.
Пневмония ма деп күдіктенген кезде тұрақты
дене қызуының 3 күндей болуы, токсикоздың
айқын белгілері, перкуторлы дыбыстың қысқаруы,
өкпедегі сырылдар, өкпені тексеру кезіндегі
рентгенологиялық мәліметтер басты назарда
болады.

21. Жедел обструктивті бронхиттің емі

Тәртіп.
Қызба кезінде 2-3 күн төсектік тәртіпті сақтау. Сүт тағамдары мен өсімдік тектес тағамдар
тағайындалады. Аллергия туғызатын тағамдарды шектеу. Науқасқа дәрумендерге бай, жеңіл
сіңірілетін тағамдар беру. Қызба кезінде мүкжидектен (клюквадан) жасалған морс, бал
қосылған сүт, минералды су сияқты сұйықтықтарды көп ішкізу.
Жедел обструктивті бронхиттің орташа және ауыр түрінде науқасты ауруханаға жатқызу.
Науқасты оттегімен тыныс алдыру. Балалардағы обструктивті бұзылыстар кезінде
симпатомиметиктер (селективті адреномиметиктер), холинолитиктер (атровент) және
комбинирленген препарат беродуал кең түрде қолданылады.
Ауыр емес обструкция кезінде сальбутамол ішкізуге болады (1 мг 2-4 айлық жаста, 2 мг 2-4
жаста күніне 2-3 рет). Симпатомиметиктерді ингаляция түрінде қолдану дәрілік заттың
қажеттілігін азайтады әрі жүйелі әсерін төмендетеді. Тиімді нәтижесі 10-15 минуттан соң
байқалады.
Эуфиллин ішке және көк тамырға кеңінен қолданылады. 2,4%-дық эуфиллинді көктамырға 0,2
мл/кг көлемінде әрбір 6 сағат сайын қолданады.
Жөтелді басатын дәрілер қолдануға болмайды (кодеин, либексин, тусупрекс).
Жедел обструктивті бронхиттің асқынбаған түрінде антибактериалдық ем қажет емес.
Емдік денешынықтыру ретінде кеуде қуысына ысқымақ (массаж) жасалады (әсіресе дірілді).
Фитотерапия. Шөп қайнатпалары беріледі

22.

23. Қорытынды

Балалардағы тыныс алу жолдарының аурулары
барлық аурулардың ішінде бірінші орынды алады.
Балалар мен жасөспірімдер арасында тыныс алу
жолдарының ауруларының кең таралуының
үздіксіз өсуі байқалуда. Қазіргі уақытта жай
бронхит пен обструктивті бронхиттер бір жасқа
дейінгі сәбилер арасында жиі кездесуде. Ол
балалардың анатомиялық- физиологиялық
ерекшеліктеріне және жергілікті иммунитетіне
байланысты болады. Жасының өсуіне қарай
қабынулы аурулардың жиіленуіне әкелуі мүмкін.

24. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Х.Хабижанов, С.Х.Хамзин. «Педиатрия»
Алматы 2005 121-125 беттер.
2.

Источник