Анемия ауруы туралы реферат

Анемия (гр. αναιμία, қан аздығы) ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра түседі.

Әйелдердегі анемия дертін қоздыруға етеккір келген кезде немесе дұрыс тамақтанбай ағзасы әлсіреген әйелден босанған кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер салдары бар. Әсіресе анемияның ауыр түрімен құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауыруы мүмкін.

Балаларда анемия олардың ішетін тамағында темір құрамдас заттардың жетіспеушілігінен де және оларды 6 айлығынан кейін қосымша тамақтандырмағандықтан да болады. Көбіне жас балалардағы анемия себептерін олардың нематодты (паразит) құрттарды жұқтыруы созылмалы іш өту және іш сүзегімен ауыруы туындатады.

Анемияның белгілері[өңдеу]

  • Терінің бозарып, қуарып өңі қашады
  • Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады:
  • Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады.
  • Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады
  • Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін.
  • Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.

Анемияны емдеу және одан сақтану шаралары[өңдеу]

Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дұрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек.

  • Анемияның қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты таблеткалары). Бұны, әсіресе, анемиямен зардап шегетін жүкті әйелдер ішуі керек. Анемияның барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспалы дәріні әдетте ектіру арқылы емес, таблетка түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ
  • Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.
  • Анемия ауыр формаға ауысып, ем қонбаған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көрінген жөн. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге қатысты.

Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дурыс, әсіресе жүкті кезінде дұрыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады.[1][2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  2. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: «Демалыс», «Қазақстан», 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

Источник

Анемия немесе қаназдық термині барлығына белгілі, бірақ патологияның нақты себебін, даму механизмі мен негізгі емдеу ұстанымын барлығы біле бермейді. Гемоглобин концентрациясының төмендеуі ағзадағы белгілі бір бұзылысты көрсетеді және диагностика кезінде оны міндетті түрде тексереді, емдеу схемасын таңдау мен алдағы болжам осыған байланысты болады.

Анемия термині нені білдіреді

Анемия – гемоглобин концентрациясының төмендеуімен және көпшілік жағдайда бір уақытта эритроциттің де төмендеуімен сипатталатын патология.  Анемия өзіндік ауруға жатпайды, бұл адам ағзасында қандайда –бір болып жатқан ақаудың белгісі болып саналады. Анемияның негізгі себебін анықтау – диагностиканың басты тапсырмасы, себебін дұрыс анықтағаннан кейін емдеу тез және сөзсіз нәтижеге жеткізеді. Гемоглобиннің төмендеуін қарапайым қан анализін анықтауға мүмкіндік береді, соған қарап дәрігер қосымша зерттеулер тағайындауы мүмкін.

МКБ 10 бойынша ауру анемияның түріне байланысты болады. МКБ D64.9 – анемия тұрақты емес, диагностикадан кейін өзгеруі мүмкін.Анемия газ алмасуды өзгертеді – эритроциттің оттегін тасымалдауы төмендейді және бұл тіннің оттегімен қамтамас кезінде анық көрінеді. Соның нәтижесінде ішкі тепе-теңдіктің және ішкі мүшелер қызметінің ақауы туындайды, бұл сылбырлықпен, күштің болмауымен, ашуланғыштықпен, тұрақты ұйқы келуімен, шаш, тері, тырнақтардың нашарлауымен көрінеді.

Классификация

Медицина тәжірибесінде анемияның бірнеше классификациясы қолданылады.

Түстік көрсеткіш бойынша

Түстік көрсеткіш (ТК) – гемоглобиннің қаншалықты эритроцитпен қаныққандығын көрсететін ерекше бірлік. Қалыпты мөлшері 0,86—1,1 құрайды. ТК бойынша ажыратылады:

  • Гипохромды анемия – ТК 0, 8 төмен;
  • Нормохромды анемия. Көрсеткіш қалыптыдан ауытқымайды;
  • Гиперхромды анемия. ТК жоғарылаған жаққа ауытқиды.

Даму механизмі бойынша анемия болуы мүмкін:

  • Қан жоғалту салдарынан;
  • Қан түзілудің бұзылысынан, темір тапшылықты, фолий тапшылықты, апластикалық анемиялар;
  • Тұқым қуалаушылық бұзылыстарынан немесе аутоиммунды процесстерден болатын, эритроциттердің патологиялық бұзылысы салдарынан.

Морфологиялық белгісі бойынша

Қанды зерттеу процессінде эритроциттің тек саны ғана емес, соған қоса олардың өлшемдері де ескеріледі, қалыпты олардың өлшемі 7,2 -ден 8,0 микрометрге(мкм) дейін болады.

Эритроциттердің өлшемінің кішіреюі жиі темір тапшылықты анемия кезінде болады, ал постгеморрагиялық анемия кезінде өлшемі қалыпты болады. Ағзадағы фолий қышқылының немесе В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен туындаған анемия кезінде қызыл денешіктердің диаметрі үлкен болады.

Регенерация(қалпына келу) процессіне сүйек кемігінің деңгейі бойынша

Эритроциттер қызыл сүйек кемігінде  пайда болып, қалыптасады. Эритроциттердің ізашарлары ретикулоциттер болып саналады, қандағы қалыпты мөлшері барлық эритроциттердің 1,2 % – нан артық болмауы керек. Ретикулоциттердің мөлшеріне байланысты анемияның келесі түрлерін ажыратады:

  • Регенераторлық. Ретикулоциттер5-2 % шамасында;
  • Гипорегенераторлық. Ретикулоциттер 0,5 % -ға дейін, регенерациялық қабілетінің төмендегенін көрсетеді;
  • Гиперрегенераторлық. Ретикулоциттер 2 %-дан жоғары болады;
  • Апластикалық. Бұл түрінде ретикулоциттер2 %-дан аспайды, яғни регенерациялық процесстің бірден басылғандығын көрсетеді.
  • Темір тапшылықты анемия. Себебі – көп мөлшерде қан жоғалтудан кейін немесе микроағзаның жеткіліксіз түсуінен туындаған темірдің жеткіліксіздігі болып табылады. Жүкті әйелдерде жиі осы темір тапшылықты анемия болады. Парорексия дамуы мүмкін – ерекше өнімдерді – қағаз, мұз, құмды жеуге деген патологиялық тілегі. Науқастардың тырнақтары сынғыш болатындығы және ерін бұрыштарында жіктердің болуы байқалады;
  • Гемолитикалық анемия. Эритроциттердің гемолизімен сипатталады, яғни кейбір улардың әсерінен, төмен температурадан, аутоиммунды процесстерден, стресстерден болды. Жалпы белгілерден бөлек, іштегі қатты ауырсыну сезімі, қызылиекте көк түсті сызықтардың пайда болуы мүмкін;
  • Пернициозды. В12 дәруменінің жедел жеткіліксіздігі кезінде туындайды. Қаназдықтың бұндай түрі көбінесе паразитарлы ауруларда, АІЖ жүйесінің патологияларында, жасы ұлғайған адамдарда анықталады;
  • Орақ жасушалы. Тұқым қуалау жолымен беріледі. Орақ пішіндегі эритроциттер тамырларда нашар қозғалғандықтан тіннің созылмалы гипоксиясын шақырады. Клиникалық көріністерінде ең алдымен әлсіздік, буындардағы ұстама түріндегі шаншып ауыру сезімі көрінеді;
  • Апластикалық анемия. Сүйек кемігіне жағымсыз әсерлердің салдарынан туындайды, мысалы сәулелену кезінде;
  • Сфероцитарлы. Бұл да тұқым қуалайтын патология болып саналады. Қалыптыда эритроциттердің екі жағы да шығыңқы болады, ал сфероцитарлы анемия кезінде олар дөңгеленіп, тек қозғалуына ғана кедергі жасап қоймай, соған қоса көкбауырда тез бұзылуына алып келеді. Анемияның бұл түрінде жиі өт жолдарында тастардың түзілуімен жүреді.
Читайте также:  Диспансерное наблюдение взрослых при железодефицитной анемии

Жүкті әйелдердегі анемия ұрық пен плацентаның дұрыс қалыптасуы үшін қажет болғандықтан, ағзаның темірге қажеттілігі артуы салдарынан туындайды. Жүктілік кезіндегі гемоглобиннің төмендеуі ұрықтағы гипоксияның (тіндерге оттегінің жеткіліксіз түсуінен туындайтын патологиялық бұзылыс), өзін нашар сезінудің, уақытынан бұрын босанудың себебі болуы мүмкін. Анемия кезінде құрсақ ішілік және босанудан кейінгі инфекциялардың даму қаупі артады.

Себептері

Анемияның жалпы себептері болып саналады:

  • Қан жоғалту. Патологиялық қан жоғалтумен шақырылады;
  • Әйелдерде менструацияның көп мөлшерде болуы және бірнеше ауыр босанулар;
  • Жарақаттар;
  • Көп қан жоғалтумен өтетін операциялар;
  • Жиі АІЖ жүйесінің ойық жаралық зақымданулары, геморрой, ісік;
  • Эритроциттердің жеткіліксіз түзілуі немесе олардың зақымдануы оған ықпал етуі мүмкін;
  • Дұрыс емес тамақтану және тамақтану режимін сақтамау;
  • Қатаң емдәмдер;
  • Гиповитаминоз – дәрумендердің (В12, фолий қышқылы), темірдің жеткіліксіздігі;
  • Аскорбин қышқылының мөлшерден артық болуы. Ағзада С дәруменінің артық жиналуы В12 дәруменінің сіңірілуін бұзады;
  • Құрамында кофеин болатын сусындарды шектен тыс ішу;
  • Тұрақты және ауыр физикалық жүктемелер;
  • Спирттік сусындар мен темекіні шектен тыс тұтыну;
  • Жүктілік;
  • Ас қорыту мүшелерінің аурулары, ревматоидты артрит, қызыл шиқан, бүйректің күрделі аурулары, гипотиреоз, ВИЧ;
  • Ішектің немесе асқазанның бір бөлігін алып тастау;
  • Тұқым қуалаушылық. Орақ жасушалы анемия эритроциттердің орақ пішінді болуына алып келетін генетикалық дефект салдарынан дамиды. Қызыл денешіктердің бұндай пішіні жіңішке қан тамырларынан қалыпты өтуіне және оттегі молекулаларының тасымалдануына кедергі жасайды.  
  • Қан жасушаларының жеткіліксіз мөлшері, олардың төмендеуі химиотерапияда, инфекционды ауруларда, жұлынның жарақаттары кезінде болады.

Эритроциттердің бұзылысы. Себептері:

  • Сірке қышқылынан, қорғасыннан, медикаменттерден, жыланның уынан, өрмекшілерден улану;
  • Паразитарлы аурулар;
  • Созылмалы стресстер;
  • Күйік аурулары;
  • Артериалды гипертензия;
  • Бауырдың дисфункциясы, соның ішінде цирроз;
  • Лимфолейкоз;
  • Онкология.

Ұзақ ағымды және емделмеген анемия иммунитеттің төмендеуінің, миокардиодистрофияның, жүрек жеткіліксіздігінің, көкбауырдың және бауырдың ұлғаюының, неврологиялық бұзылыстардың себебі болып табылады.

Балалардағы қаназдық физикалық және ақыл естің дамуының тежелуіне алып келуі мүмкін, күрделі асқынулармен өтетін суық тию мен инфекционды аурулардың даму қаупін арттырады.       

Симптомдары

Анемияның симптомдары қаназдықтың түрімен анықталады, дегенмен патологияның жалпы белгілері болып саналады:

  • Жұмыс істеу қабілеттілігін бұзатын айқын әлсіздік пен шаршағыштық;
  • Ашушаңдық;
  • Күндізгі уақыттардағы ұйқышылдық;
  • Бастың ауруы, әлсін-әлсін бас айналулар, көздің қарауытуы;
  • Сәл ғана физикалық жүктемеден кейін туындайтын ентігу;
  • Сарғыштанумен терінің бозаруы;
  • Геофагия – борға деген патологиялық дәмдік құштарлық;
  • Құлақтағы бөгде шулар;
  • Тері қатпары құрылымының өзгеруі – денедегі құрғақ қабыршықты аймақтардың пайда болуы, шаштың сынғыштығы мен түсуі, тырнақ бетінің қатпарлануы;
  • Бұлшық еттердегі әлсіздік.

Балалардағы анемияны жылаңқы болуы, физикалық жүктемеден кейінгі тез шаршағыштық, ерін бұрыштарындағы ауыздықтар, жиі ЖРВИ-ің дамуы, ішек инфекциялары, энурез, терең емес, сергек ұйқы көрсетуі мүмкін. Бір жасқа дейінгі балалар артық метеоризмнен, жиі құсудан зардап шегуі мүмкін.

Анемияның үш деңгейін ажыратады:

  • Бірінші деңгейінде гемоглобин 100 г/л-ге дейін төмендейді. Бұзылыстың айқын белгілері болмайды және патология жиі қан анализінде анықталады;
  • Орташа ауырлық деңгейі –гемоглобиннің 80 г/л-ге дейін төмендеуі болады. Жалпы шаршағыштық, жиі бас айналулар және қаназдықты, басқа да симптомдары көрінеді;
  • Үшінші ауыр деңгейінде қандағы гемоглобин мөлшері 70 г/л-ден төмен болады. Жалпы симптомдардан бөлек, ауырсынулармен, шалыс соғулармен көрінетін жүрек қызметінің бұзылысы анықталады.

Эритроциттердің әлсін төмендеуі кезінде қан денешіктерінің деңгейін қалпына келтіруге жиі құрамы темірге бай тағамдардан тұратын диетатерапия көмектеседі. Басқа жағдайларда сәйкес  емдік терапия қажет болады.

Диагностикасы

Анемияның диагностикасы қан анализіне негізделеді. Жалпы анализде гемоглобин мен эритроциттердің мөлшерін, ретикулоциттердің пайыздық құрамын, ал биохимиялық қан анализінде — темірдің деңгейі анықталады. Зертханалық диагностика нәтижерінен бөлек, анемияның негізгі себебін анықтау үшін, науқасқа тағы да зерттеулер тізімі тағайындайды.

Емі

Егер бұзылыстың себебі анықталмаса, гемоглобинді тұрақты көтеру мүмкін емес. Сондықтан да ем анемияның бірінші себебіне байланысты тағайындалады. Жалпы қаназдықтың кешенді емі төрт бөлімнен тұрады:

  • Түріне және даму механизміне байланысты анемияның емі;
  • Диетотерапия;
  • Витаминді-минералды кешендерді ішу;
  • Анемияны туындатқан біріншілік ауруларды емдеу.

Темір тапшылықты анемия кезінде темір препараттарын курстық қабылдау тағайындалады. Фолий қышқылының және В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен туындаған анемия кезінде, оларды арнайы дәрілермен толтыруды қажет етеді. Апластикалық анемия кезінде гормондармен, иммуномодуляторлармен емдеу қажет болады, ал ауыр жағдайларда сүйек кемігінің трансплантациясы жүргізіледі.

Ағзадағы темір деңгейін арттыруға етті жеткілікті тұтыну, еттен дайындалған сорпа, малдың бауыры, анар, алма, жаңғақ, жасыл көкеністер, теңіз орамжапырағы, бал болатын диета көмектеседі. Тәттілерді, пеште пісірілген өнімдерді, кофеині болатын сусындарды, майларды, сүтті шектеу қажет.

Читайте также:  Как лечить анемию подростки

Анемияның кешенді еміне қасиеттері бойынша теңдесіз емдік –профилактикалық өнім Ламифарэнді қосу қажет. Оның құрамында тек қанның көрсеткішін жақсартатын ғана емес, соған қоса анемияның алғашқы себебін жоюды қамтамасыз ететін тек табиғи өнімдер болады.

Ламифарэн

Ламифарэн – дайындау негізінде қиыршығыстық ангустат ламинариясын пайдаланатын, құрамында альгинат болатын, гель құрылымды дәрумендер кешені. Ламифарэн көптеген ауруларда көмектеседі, анемия кезінде кешенді пайдалану мүмкіндік береді  :

  • Қан түзуге қатысатын В12, фолий қышқылының, йодтың, темірдің және басқа да микроэлементтердің құрамын арттырады;
  • Ағзадан шлактарды, токсикалық байланыстарды, ауыр металл тұздарын шығарады;
  • АІЖ шырышты қабығының регенрация процессін күшейтеді, анемияның жиі себебі болатын ауруларда- ойық жаралы ауруларда, гастриттерде, геморройда, бауыр дисфункцияларында ас қорыту жүйесінің қызметін қалпына келтіреді;
  • Зат алмасу процессін реттейді;
  • Ағзаның жалпы қарсы тұру күшін арттырады;
  • Жалпы жағдайды тез жақсартады;
  • Зәр шығару жүйесінің қызметін реттейді. Анемия пиелонефриттің және басқа да бүйрек ауруларының салдары болуы мүмкін. Ламифарэнді курс бойынша ішу зәр шығару мүшелерінің қызметін реттейді;
  • Анемияны жоюға бағытталған емдік препараттардың әсерін күшейтеді.

Ламифарэннің тәжірибе жүзінде ешбір қарсы көрсетілімі жоқ, жақсы тасымалданады, тәбетті арттырады және негізгі қоректік заттардың сіңірілуін жақсартады.  Емдік-профилактикалық өнімді анемия кезінде ішу қысқа мерзімде қанның қалыпты жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі.  

Ұсынымдар

Ламифарэнді анемияны емдеу процессі кезінде профилактикалық өнім ретінде ішуге болады. Кешенді ішу әсіресе, анемияның негізгі себебі болуы мүмкін жағдайлары немесе аурулары бар адамдарға қажет болып табылады.  Бұл яғни, АІЖ мүшелерінің аурулары, глисттік инвазиялар, иммунтапшылықты жағдайлар, гиповитаминоз, гипертензия жағдайлары. Темекі шегетін, спирттік сусындар ішетін, ауыр физикалық еңбекпен айналысатын адамдарға, Ламифарэнді курс бойынша ішуді ұсынады. Әйелдерге дәрумендер кешені көп мөлшердегі менструация және климакстық кезеңдерде қажет болады. Өнімнің табиғи құрамы операциядан, жарақаттардан, күюлерден, ауыр инфекциондық аурулардан кейінгі қайта қалпына келу уақытында пайдалы болып табылады.

Ламифарэн өнімін ішу ағзаның сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді, көптеген аурулардың дамуының алдын алады және кез-келген жаста өзін керемет сезінуге мүмкіндік береді.

 

Источник

  • Жоспар
  • Кіріспе
  • Қолданылған әдебиеттер

І .Кіріспе. Қанның және қан жасайтын мүшелердің аурулары

ІІ.Негізгі бөлім:
1.Темір тапшылығы анемиясы
а)Этиологиясы
б)Патогенезі
в)Клиникалық көрінісі
г)Алдын алу
д)Емдеу

2. Постгеморрагиялық анемия
3. Гемолитикалық анемия
4. Балаларда темір тапшылығынан пайда болатын қаназдық.

ІІІ.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қанның және қан жасайтын мүшелердің аурулары
Анемия (қан аздық) балалардағы қан жасалу ерекшеліктеріне байланысты оларда едәуір жиі ұшырасады.Эритроциттер мөлшерінің азаюымен бірге қан көлемінің бір өлшемінде гемоглобин мөлшерінің төмендеуін сипаттайтын жағдай болып табылады.
Анемияның этнологиясы мен патогенезін ескергенде ол негізгі 3 топқа : тапшылық(темірдің және басқа микроэлементтердің тапшылығы ,витаминдер мен белоктың тапшылығы салдарынан эритропоэздің бұзылуы); постгеморрагиялық (қансыраудың салдарынан);гемолитикалық (эритроцитттердің көп ыдырауы салдарынан) болып бөлінеді.

Темір тапшылығы анемиясы

Тапшылық анемиясы жас нәрестелерде мейлінше жиі кездеседі.Ерекше таралған формасы темір тапшылығы анемиясы болып табылады.Оның бел алуының негізгі себебі-тамақтанудың кемшілігі; жасанды жолмен және аралас тамақтандыруға ертерек көшу,сүтпен сыңаржақ тамақтандыру, қосымша тамақты (жеміс ,овощь шырындарын,пюрені ,етті) кешіктіріп енгізу.Шала туған балаларда анемия туа біткен темір тапшылығынан пайда болады.Егер анасы екіқабат кезінде токсикоз болса , туғаннан кейін балаға да темір тапшылығы анемиясының қаупі төнеді.Темірдің сіңірілуі инфекциялардың ықпалымен бұзылуы мүмкін.Өте қатты респиратрлық аурулармен, ішек және басқа инфекциялармен жиі ауырытын балаларда анемия жиі бел алады.Анемияға жиі қабаттасып жүретін рахит пен тамақтанудың созылмлы бұзылуы да ауруға себеп болады .
Этиологиясы.
Бұл анемиялар ішкі және сыртқы себептерге байланысты дамиды. Ішкі себептерге: 1.асқазан түбіндегі қосымшабездердің гастромукопротейдтерді «ішкі факторды» жеткілікті жасап шығармауы, асқазан аурулары (полипоз, рак) , гастрэктомия; 2. В12-витаминінің ішектен сорылуының бұзылуы, аш ішектің біраз бөлігін кесіп алып тастағанда, ішектің созылмалы ауруларында;

1.Қазақ ұлттық энциклопедиясы-А әрпі
2.Совет энциклопедиясы-А әрпі
3.»Денсаулық «журналы -№ 4,2004 ж
4.»Атамекен» газеті -20 тамыз ,2003 ж
5.Балалар аурулары- 256-262 беттер

Қандай қате таптыңыз?

тақырыпта грамматикалық қате бар

тақырып жұмысқа сәйкес емес

жұмыста өте көп граматикалық қателер бар

жұмыстың сапасы нашар

Рақмет!

Тақырыбы: Анемия ауруы

Жоспары :
І .Кіріспе. Қанның және қан жасайтын мүшелердің аурулары

ІІ.Негізгі бөлім:
1.Темір тапшылығы анемиясы
а)Этиологиясы
б)Патогенезі
в)Клиникалық көрінісі
г)Алдын алу
д)Емдеу

2. Постгеморрагиялық анемия
3. Гемолитикалық анемия
4. Балаларда темір тапшылығынан пайда болатын қаназдық.

ІІІ.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қанның және қан жасайтын мүшелердің аурулары
Анемия (қан аздық) балалардағы қан жасалу ерекшеліктеріне байланысты
оларда едәуір жиі ұшырасады.Эритроциттер мөлшерінің азаюымен бірге қан
көлемінің бір өлшемінде гемоглобин мөлшерінің төмендеуін сипаттайтын жағдай
болып табылады.
Анемияның этнологиясы мен патогенезін ескергенде ол негізгі 3 топқа :
тапшылық(темірдің және басқа микроэлементтердің тапшылығы ,витаминдер мен
белоктың тапшылығы салдарынан эритропоэздің бұзылуы); постгеморрагиялық
(қансыраудың салдарынан);гемолитикалық (эритроцитттердің көп ыдырауы
салдарынан) болып бөлінеді.

Темір тапшылығы анемиясы

Тапшылық анемиясы жас нәрестелерде мейлінше жиі кездеседі.Ерекше
таралған формасы темір тапшылығы анемиясы болып табылады.Оның бел алуының
негізгі себебі-тамақтанудың кемшілігі; жасанды жолмен және аралас
тамақтандыруға ертерек көшу,сүтпен сыңаржақ тамақтандыру, қосымша тамақты
(жеміс ,овощь шырындарын,пюрені ,етті) кешіктіріп енгізу.Шала туған
балаларда анемия туа біткен темір тапшылығынан пайда болады.Егер анасы
екіқабат кезінде токсикоз болса , туғаннан кейін балаға да темір тапшылығы
анемиясының қаупі төнеді.Темірдің сіңірілуі инфекциялардың ықпалымен
бұзылуы мүмкін.Өте қатты респиратрлық аурулармен, ішек және басқа
инфекциялармен жиі ауырытын балаларда анемия жиі бел алады.Анемияға жиі
қабаттасып жүретін рахит пен тамақтанудың созылмлы бұзылуы да ауруға себеп
болады .
Этиологиясы.
Бұл анемиялар ішкі және сыртқы себептерге байланысты дамиды. Ішкі
себептерге: 1.асқазан түбіндегі қосымшабездердің гастромукопротейдтерді
ішкі факторды жеткілікті жасап шығармауы, асқазан аурулары (полипоз, рак)
, гастрэктомия; 2. В12-витаминінің ішектен сорылуының бұзылуы, аш ішектің
біраз бөлігін кесіп алып тастағанда, ішектің созылмалы ауруларында; 3. В12-
витаминінің мөлшерден тыс жұмсалуы (екіқабат әйелдерде, ішікте ішек
құрты(глисттер) пайда болғанда). Сыртқы себептерге белоктар тапшылығында
немесе жас балаларды сүт порошоктарымен тамақтандырғанда, ас құрамында В12-
витаминінің жеткілікті болмауы кіреді.
Патогенезі.
Бұл анемиялардың негізгі себебі В12-витамині және фолий қышқылдарының
тапшылығы нәтижесінде ДНК және РНК синтезінің бұзылуы. В12-витамині
асқазанда ішкі факторымен қосылып, қанға сорылғаннан кейін бауырда фолий
қышқылын активтендіреді. Бұл қышқыл эритрокариоциттер ядросындағы ДНК-ның
синтезін реттейді. Осы процесс бұзылғанда қызыл қан элементтерінің пісіп
жетілуі кешігіп, олар ядролары сақталып қалған ірі клеткаларға,
мегалобастарға айналады. Бұл клеткалар тіршілікке бейім болмағандықтан
жілік майының өзінде-ақ жойыла бастайды.
В12- витаминінің тапшылығына байланысты май қышқылдарының алмасуы бұзылып
организмде токсинді пропион және мети-пропион қышқылдары жиналады. Осыған
байланысты жұлынының артқы латеральды бауы зақымданып-фуникулярлы миелоз
деген патология дамиды.
Аддисон-Бирмер анемиясы немесе пернициозды(аса қатерлі) қан аздық.
В12- витамині тапшылығының ең айқын түріне жатады. Бұл анемияда асқазанда
гастромукопротеидтер синтезі жеткілікті болмай В12- витаминінің қанға
сорылуы тежеледі. Осыған байланысты қан жасау процесі бұзылады.
Клиникалық көрінісі.
Шала туған балаларда анемия көбінесе алты айдан асқанда
анықталады.Тәбеттің нашарлауы, дене салмағының баяу қосылуы, тері түсі мен
шырышты қабықтарының қуқылдығы, бұлшық ет гипотониясы өршіп келе жатқан
анемияның белгісі болып табылады.Жүректен систолалық шуыл
естіледі,жекелеген реттерде жүрек шегінің ұлғаюы мен ырғағының бұзылуы-
тахикардия,экстрасистология байқалады.Анемияға жиі қосарласатын витаминдер
(ретинол,аскорбин қышқылы,В тобының витаминдері ) тапшылығы клиникалық
жағынан бірқатар сипатты белгілер:
Тері бетінің құрғақтығы,эрозия мен езудің және басқалардың жарылуы арқылы
көрінеді.Қанда эритроциттер мөлшерінің (3,0-3,51000000000000 л),
гемоглобин деңгейінің (80-100гл) азайғаны анықталады,түсінің көрсеткіші
0,8-ге жетпейді.Жұғынды алғанда эритроциттердің түсі бозғылт, көлемі
кішірейген болады.Анемияның бұл формасына сарысу темірі деңгеінің төмендеуі
тән.
Ересектеу жастағы балаларда анемия сиректеу дамиды.Оны жедел және
созылмалы инфекциялар, гельминтоздар, сирек болса да мұрын мен ішектен қан
кетуі туғызуы мүмкін.Балалар жалпы әлі кетіп,шаршайды,арықтайды. Қанда
эриттроциттер саны да кеміп , гемоглобин деңгейі
төмендейді,пойкилоанизоцитоз ,полихромазия (полихроматофилия) анықталады.
Алдын алу.
Темір тапшылығы анемиясының шығу ерекшеліктеріне байланыста оның алдын
алу антенаталдық кезеңнен басталуы тиіс.Екіқабат әйелдің витаминдермен және
минералдық затармен байытылған тамақтармен ұтымды тамақтандырылуы,
токсикозды жойып , шала туудан сақтандырылуы маңызды.Туғаннан кейін балаға
емшек емізілуі тиіс ,құрамында белоктар, майлар, углеводтар мен витаминдер
жеткілікті шырындар мен ұтымды қосымша тамақты дер кезінде енгізудің маңызы
зор .Осының бәрі анемияның
дамуынан сақтандырады.Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру,оның таза
ауада жеткілікті уақыт болуын,жақсы күтілуін қамтамасыз ету ,белсене
қимылдауына жағдай жасау керек. Рахиттің алдын алу шараларын мерзімінде
жүргізу қажет. Балаларды жедел жұқпалы, респираторлық және асқазан – ішек
ауруларынан сақтандыру жас кезгі анемияның алдын алады.
Ересектеу жастағы балалардың, әсіресе мектеп жасындағылардың
тамақтануын, күн тәртібін қадағалап отыру да маңызды. Дене шынықтыру,
спортпен айналысу, ашық ауада жеткілікті уақыт болу анемияның алдын алады.
Гельминттердің бар-жоғын үнемі тексеріп, санитарлық-гигиеналық дағдыларды
дамыту қажет.
Емдеу.
Комплексті жүргізілуі тиіс. Анемияның себебін анықтап, оны жою үшін
барлық жағдайларды жасау маңызды. Барлық тамақ ингредиенттері бойынша
теңестірілген, дұрыс тамақтануды ұйымдастырудың ерекше маңызы бар.
Балалардың жас шамасына қарай оларға шырындар, алма және овощ пюресін,
жұмыртқаның сары уызын, бауыр, ет, яғни құрамында темір бар тағамдар беру
керек. Қолдан тамақтандырған жағдайда ашытылған қоспалар тағайындаған жөн.
Серуендету, балаға гигиеналық күтім жасау-сауығуға жәрдемдесетін маңызды
шаралар. Массаж бен гимнастика организмдегі алмасу процесін күшейтеді.
Анемияның жеңіл формаларының өзінде темір препараттарын тағайындау
керек. Мұндай препараттар көп. Бұрын көп қолданылып, қалпына келтірілген
темір ішектерде нашар сіңіріледі, сондықтан оны тағайындамау керек.
Феррокаль таблеткаларының (құрамында шала тотық темір сульфаты бар) жақсы
әсері болады, ол күніне 3 рет тамақ ішкеннен кейін 1 таблеткадан (0,32 г)
тағайындалады. Ферамия, фероспан тағайындау пайдалы. Бала үшін жас шамасына
сәйкес ең көп мөлшерін айқындап алу керек, бірақ бастапқыда ½ мөлшерін,
содан соң-23, ал кейінірек толық мөлшерін береді. 14-18 күннен кейін ғана
әсер етеді; емдеу 2-3 айға созылады. Құрамында темір лактаты, мыс сульфаты
бар Гемостимулин таблеткасын, глюкоза және құрғақ тамақ қанын
(гематоген), емшектегі балаларға-0,15 грамнан, ересектеу жастағы балаларға
-0,2-0,25 грамнан күніне 3 рет береді.
Парентералдық жолмен енгізуге арналған темір препараттары бар, олар
анемияның ауыр формаларында тағайындалады. Ферковенді (құрамында темір
сахараты, кобальт глюконаты және углеводтардың ерітіндісі бар) вена ішіне
25% глюкоза ерітіндісінің 15 миллиметріне 0,8-ден 2,5 миллиметрге дейін
араластырылған мөлшерде аздап енгізеді, әр курста 10-15 рет құяды;
фербитолды 2 жасқа дейінгі балаларға бұлшық ет ішіне инъекция түрінде 0,5-1
мл, 2 жастан асқандарға 1-2 мл мөлшнрінде енгізеді, 0,5% новокаин
ерітіндісінде жіберуге болады; феррум лек-бұлшық ет пен вена ішіне егілетін
темір препараты. Балаларға көбінесе бұлшық ет ішіне егуге арналған препарат
қолданылады: дене салмағы 5 килограмға дейін болғанда-0,5 мл (14 ампула),
дене салмағы 5 килограмнан 10 килограмға дейін болғанда-1 мл (12 ампула)
мөлщерінде күнара егіледі. Емшектегі балалардың анемиясын емдеген кезде
темір препаратын ішкізу керек. Анемиямен ауыратын балаларды емдегенде
аскорбин қышқылы мен В тобының витаминдерін қолдану патогенетикалық жағынан
орынды, олар темір алмасуына қатысады, белок алмасуын жақсартып, қан
жасалуын күшейтеді.
Ұтымды тамақтану мен күн режимі жағдайында темір препараттарын жүйелі
түрде қолдану қандай болса да басқа бір шипалы дәрі-дәрмектер қабылдамай-ақ
жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Анемияның өмірлік көрсеткіштері
бойынша өте ауыр формалары жағдайында ғана қан құюға болады.
Анемияның жеңіл формаларымен ауыратын балалар үй жағдайында
емделеді. Анемия ауыр өткен жағдайда емдеу стационарда жүргізіледі.

Читайте также:  Анемия аддисона бирмера гематологические показатели

Постгеморрагиялық анемия
Постгеморрагиялық анемия (қансырау анемиясы) ересектеу жастағы балаларда
жиі байқалады. Анемияға көбінесе мұрыннан, сирек болса … жалғасы

Ұқсас жұмыстар

Источник