Темір тапшылы?ты анемия балаларда
Утратил силу — Архив
Также:
P-P-005
РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив — Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Категории МКБ:
Другие железодефицитные анемии (D50.8)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Организмде темір тапшылығынан болатын, оның келіп түсуінің бұзылыстары, сіңірілуі немесе патологиялық жоғалуынан гемоглобин концентрациясының төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай.
Клиникалық белгілер сидеропениялық синдромдармен сипатталады: эпителиалды бұзылыстар (тері, тырнақ, шаш, шырышты қабықтың трофикалық бұзылыстары), дəм сезімі мен иіс сезудің бұзылуы, астениялық-вегетативтік бұзылыстар, ішекте сіңу процестернің бұзылуы, дисфагия жəне диспептикалық өзгерістер, иммунитеттің төмендеуі.
ДДҰ ұсыныстарына сай:
— 6 жасқа дейінгі балалардағы гемоглобин нормасының төменгі шегін 110 г/л, Ht=33;
— 6-12 жасар балаларда — 115 г/л, Ht=34;
— 12-13 жасар балаларда — 12 г/л, Ht=36 болып есептелуі керек.
Хаттама коды: P-P-005 «Балалардың теміртапшылықты анемиясы»
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
D53 Тамақтанумен байланысты өзге анемия.
D50 Теміртапшылықты анемия.
Мобильное приложение «MedElement»
— Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
— Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием
Скачать приложение для ANDROID
Мобильное приложение «MedElement»
— Профессиональные медицинские справочники
— Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием
Скачать приложение для ANDROID
Жіктемесі
Жіктемесі
Этиологиясы:
1. Темірдің бастапқы жеткіліксіз деңгейінде ТТА (темір тапшылықты анемия) (шала туылған егіздердің қан аздығы).
2. Нутритивті (немесе алиментарлы) ТТА.
3. Жұқпалы немесе жұқпалы-алиментарлы генезді ТТА.
4. Темірдің резорбционды жеткіліксізідігіндегі ТТА (мальабсорбция синдромы жəне т.б синдромы);
5. Созылмалы қан ағудан кейінгі ТТА.
Ауырлық дəрежесі бойынша: жеңіл, орта, ауыр.
Патогенезі бойынша: жіті қан ағудан кейінгі, созылмалы.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Жүкті əйелдер анемиясы.
2. Нəрестенің шала туылуы.
3. Тиімсіз тамақтану.
4. АІЖ аурулары.
5. Ішек құрттық инвазия.
6. Қан ағу.
7. Төмен əлеуметтік жағдай.
Диагностика
Диагностика критерилері
Астеновегетативті синдром: əлсіздік, бас айналу, талмалар, жүректің қатты соғуы, ентікпе, бұлшықеттік əлсіздік.
Сидеропениялық синдром: терінің құрғақтығы мен атрофиясы,
тырнақтар мен шаштың сынғыштығы, шаштың түсуі, дəм сезудің өзгеруі, тамақпен бірге бор, тіс пастасы, саз, шикі дəн, шикі кофе, күнбағыстың тазартылмаған дəндерін пайдалануға құмарлық, иіс сезінудің өзгеруі, бензин, ацетон, əк иісіне құмарлық.
Неврологиялық бұзылыстар: бас ауыру, параестезиялар, қатты тағамдарды жұтудың
бұзылуы, зəрді ұстай алмау.
Физикалық тексеру: тері жəне шырышты қабық бозаңдығы, терінің құрғақтығы мен сызаттары, ангулярлы стоматит, ауыз бұрыштарындағы сызаттар, тырнақтар қалыңдайды жəне дөңес болады, тілдің қызаруы, тіл емізіктерінің атрофиясы.
Иснструменталдық зерттеулер: Асқазан-ішек жолдары мен кеуде клеткалары ағзаларын рентгенологиялық зерттеу, ЭФГДС, ФКС, ректороманоскопия, құрсақ қуысын, бүйректі, қалқанша безді УДЗ.
Мамандардың консультациясы үшін көрсетімдер:
— гастроэнтеролог — асқазан-ішек жолдары ағзаларынан қан кету;
— стоматолог — қызыл иектен, мұрыннан қан кету;
— онколог — қан кету себебі болып табылатын қатерлі зақымданулар;
— нефролог — бүйрек ауруларын алып тастау;
— фтизиатр — туберкулез кезіндегі қан кетулер;
— пульмонолог — бронх-өкпе жүйесінің аурулары кезінде қан жоғалту;
— гинеколог — жыныс ағзаларынан қан кету, гиперполименорея, жиі жүктілік;
— эндокринолог — қалқанша без функциясының төмендеуі, диабеттік нефропатияның болуы;
— проктолог — ректальді қан ағу;
— инфекционист — гельминтоз белгілері болса.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Гемоглобинді анықтау.
3. Ретикулоциттерді анықтау.
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ.
2. Жалпы темірмен байланыстыратын қабілетті анықтау.
3. Гастроэнтеролог консультациясы.
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер: 5 жастан кіші балаларда, ТТА қандағы гемоглобин концентрациясында 110 г/л-ден аз немесе гематокрит деңгейінде 33%-тен аз анықталады.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз
Теміртапшылық анемиясы гемоглобин синтезінің бұзылыстарымен шақырылған басқа гипохромдық анемиялармен жүргізіледі. Оларға порфирин синтезінің бұзылыстарымен байланысты анемиялар (қорғасындық уланулар кезіндегі анемия, порфириндердің туа пайда болған бұзылыстары кезінде), сонымен қатар
талассемия жатады. Гипохромдық анемиялардың, теміртапшылық анемиялардан айырмашылығы – олар гем (сидероахрезия) түзу үшін пайдаланылмайтын, қандағы жəне деподағы темірдің жоғары құрамымен жүреді, бұл аурулар кезінде темірдің тіндік тапшылық белгілері болмайды.
Порфириндердің синтезі бұзылыстарымен шартталған анемияның дифференциалды белгілері болып, эритроциттердің, ретикулоциттердің базофильді пунктациясымен, сидеробласттардың көптеген сандарымен сүйек кемігіндегі күшейген эритропоэзбен гипохромды анемия болып табылады. Талассемия үшін эритроциттердің нысана тəрізді формасы мен базофильді пунктациясы, ретикулоцитоз жəне жоғарылаған гемолиз белгілері тəн.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: гемоглобин жəне гематокрит деңгейін қалыпты деңгейіне көтеру.
Темір дəрі-дəрмегін қабылдап жатқан науқасқа əр 10-14 күн сайын серпінді бақылау жүргізеді. Гемограмманы қалыпқа келтіргеннен соң, ферротерапия қолдаушы дозада (1-2 мг/кг/тəу) депонирленген темірдің (реабилитициялық ем) пулын толтыру үшін тағы да 2-3 ай жалғастырылады. Мұнымен бірге, диспансерлік бақылау айына 1 рет, содан кейін тоқсан сайын жүргізіледі. 6-12 айдан кейін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің қалпына келгеннен соң, бала диспансерлік бақылаудан шығарылып, бірінші денсаулық тобынан екіншісіне ауыстырылады.
Дəрі-дəрмексіз ем: 6 айына дейін нəрестені тек емшек сүтімен тамақтандыру ұснылады.
Емшекпен емізілетін ТТА ауыратын балаларға 6 айдан бастпа темір дəрі-дəрмегін қабылдау ұсынылады.
Жасанды жолмен тамақтанатын көп балаларға қатты тамақ қабылдағанға дейін (12 айға дейін) темірмен байытылған қоспамен тамақтандыру керек. ТТА алдын алу үшін ата-анамен тиімді тамақтану бойынша оқыту мен кеңес беруді жүргізу қажет.
Мерзіміне жетіп туылған балалар ТТА ауруына (НЬ и Ht деңгейін тексеру) 6 айдан, ал шала туылған балалар 3 айдан кешікпей тексерілуі керек. ТТА анықталған балалар темір-тұз* темірінің, бір компонентті жəне комбинациялардың, 20 мг/мл темір тұзы мен аскорбин қышқылы бар оралды ерітінділерді 1 бал-дан, немесе күніне 1-2 дражеден, фолий қышқылымен күніне 1 табл. 3 реттен қабылдау керек.
Темір дəрі-дəрмегі тəулігіне 3 мг/кг салмағы есебінен гемоглобилиннің қалпына келгеніне дейін, реабилитациялық ем- 1-2 мг/кг салмағы 2-3 айдан кем емес уақытқа тағайындалады.
Пероральді препараттарға тұрақтылық кезде, сонымен қатар темір деңгейін тез жəне тиімді қалпына келтіру мақсатында күніне 1 рет жеке таңдаумен темір декстраны III (100 мг / 2 мл) тағайындалады.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Тұздың темірі, біркомпонентті дəрі-дəрмектер жəне тұз темірінің 20 мг/мл – дан артық құрамы бар комбинирленген дəрі-дəрмектер.
2. Сульфат моногидрат темірі 325 мг, табл.
3. **Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг табл.; 50 мг драже;
4. Фоль қышқылы 1 мг табл.
5. Темір декстраны III (100 мг / 2 мл) бұлшықет ішіне енгізу үшін, амп.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: Элементарлы темір дəрі-дəрмегі 30-60 мг табл.
Ем тиімділігінің индикаторлары: клиникалық белгілердің регрессі, гемоглобин деңгейінің, эритроциттердің, түсті көрсеткіштің, сарысулық темірдің артуы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
** — Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Госпитализация
Госпитализациялауға көрсетімдер: Клиникалық — зертханалық көрсеткіштерді 2 апта бойы қалпына келтірілмеуі.
Профилактика
Профилактикалық шаралар
Емдік курс аяқталғаннан кейін, элементарлы темір дəрі-дəмрмегін ауруды алдын алу мақсатымен, 6 ай бойы аптасына бір рет қабылдау ұсынылады:
Жасы | Элементарлы темір дəрі-дəрмегінің Дозасы (мг) |
6-12 ай | Элементарлы теімрдің 30 мг сиропы немесе 3 мг/кг |
12-18 ай | 60 мг |
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Темірмен байытылған тамақтану (қоспа). Тағайындалған емнің нəтижелігін растау үшін,ТТА ауыратын барлық кіші жастағы балаларда ТТА ауруын емдегеннен 4 аптадан кейін НЬ и Ht қайта анықталуы керек. Тағайындалған емге оң нəтиже байқалса (гемоглобилиннің 10 г/л жоғары немесе тең, Ht 3%-ке немесе одан көп ұлғаюы), немесе бұл көрсеткіштер қалыпқа сай болса, ем тағы 2 айға жалғастырылып, содан кейін темірдің тағайындалуы тоқтатылуы тиіс.
Жүргізілетін емнің оң нəтижесінің болмауы немесе 10 г/л төмен гемоглобилиннің ұлғайылуында, ал Ht 3%-тен төмен ұлғаюын, дəрігер қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберуі арқылы анықтауы тиіс.
Орташа немесе ауыр түрдегі ТТА ауыратын төмен жастағы балалар (НЬ 90 г/л төмен немесе 27% аз Ht) гематологтан кеңес алуы керек.
ТТА ауруына шалдығу қауіп факторлары бар 6-дан 12-ге дейінгі жастағы балалар (өмір сүрудің немесе тамақтанудың нашар жағдайы) қайталамалы скринингті талап етеді.
Жасөспірім қыздар ТТА-ға зерттелуі керек, тегі болмаса, бір рет 15 жəне 25 жас арасында зерттелуі керек. Қауіп-қатерлі факторлар болмағанда (нашар тамақтану, етеккірдің көп мөлшерде келуі, донорлық жəне т.б) немесе ТТА диагнозының анамнезде болуы едəуір жиі срининг қажет (əр жыл).
Саусақтан алынған перифириялық қан анализінің негізінде ТТА-на күдік туса, ТТА болуын венадан алынған қанның анализімен растау керек. Жасөспірім қыздарға қан аздық 120 г/л төмен гемоглобин деңгейінде, Ht-36% төмен анықталады.
Көрсетілген шектен 20 г/л төмен гемоглобин концентрациясында, жасөспірімдер элементарлы темірдің емдік дозасын — күніне екі рет 60 мг алуы керек (жалпы доза темірдің 120 мг), бұдан басқа, дұрыс тамақтануды үйрету қажет. Дəрігер тағайындалған емнің нəтижелігін 1 айдан кейін тексеруі керек. Егер нəтиже болымсыз немесе тіптен болмаса (гемоглабиннің ұлғаюы 10 г/л-ден аз; немесе Ht 3 бірліктен аз ұлғаюы), клиницист қан аздықтың басқа мүмкін болатын себептерін науқасты гематологқа жіберу арқылы анықтауы керек. Қабынулық немесе жұқпалық процестердің болу кезінде төмен концентрациясы немесе гематокриттің көлемі организмде темірдің таратылуының бұзыу нəтижесі ТТА дамуын дəлелдей алады, жəне де қосымша емді қажет етеді.
Темір дəрі-дəрмегі тағайындалуының оң нəтижесін алғанда, ем гемоглобин концентрациясының 120 г/л жетуіне дейін жалғастырылуы керек, бұдан кейін темір дозасы аптасына 120 мг дейін төмендетіліп, 6 айға созылуы қажет.
Ауыр түрдегі ТТА көбінесе жасөспірім қыздарға тəн емес жəне темір тапшылығы мұндай қан аздықтың себебі сирек болады. Аурудың дамуы туралы толық ақпарат, оның ішінде, тамақтану сипты, тереңірек зерттеу мен қосымша зертханалық анализдер (жалпы қан анализі, Сарысулық темір, трансферрин құрамы, ферритин концентрациясы, ретикулоциттер саны, жалпы белок, жалпы билирубин жəне оның фракциялары) толық ТТА дəлелдеу үшін керек.
Жасөспірім қыздарға ТТА алдын алу үшін теңгерілген тамақтану ТТА дамуын тоқтатып, темір дəрі-дəрмегінің тағайындалуының алдын алады. Сондықтан, ет пен аскорбин қышқылына бай азық-түлікті (азық түліктен алынатын темірдің сіңірілуін ұлғайту үшін) тұтынуға ерекше көңіл беру керек, тамақтанғанда, шай мен кофені ішпеу қажет.
Жасөспірім қыздарда көптеген микроэлементтік жеткіліксіздігінің жоғары қауіптілігінде таблетка құрамында 30 г-ге жуық темір бар темірмультивитаминдік- минералдық дəрі — дəрмекті тағайындау керек.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
- Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 — 2007, №165 — 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер:
1. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению железодефицитной анемии. Ташкент 2004, 68 с.
2. PRODIGY Guidance — Anaemia — iron deficiency Clinical Practice Guidelines, 2005
3. Screening for Iron Deficiency. Anemia—Including Iron Prophylaxis. Clinical guidelines
4. Iron Deficiency Anaemia. Assessment, Prevention and Control. A guide for programme
managers.
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер:
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: м.ғ.д., проф. Имамбаева Т.М., ҚазҰМУ.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
Если вы не являетесь медицинским специалистом:
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro»,
«Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта», не может и не должна заменять очную консультацию врача.
Обязательно
обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может
назначить
нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro»,
«Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта» являются исключительно информационно-справочными ресурсами.
Информация, размещенная на данном
сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший
в
результате использования данного сайта.
Темір тапшылық анемиясы – микроцитозбен, гиповолемиямен, темір тапшылық эритропоэзбен, темір қорының кемуімен (гипоферритинемия), айқын гипосидеремиямен жүретін анемия.
Эпидемиологиясы.[өңдеу]
Темiр тапшылық анемиясы (ТТА) Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өзектi мәселелерiнiң бiрi ретiнде қабылданған. ДДҰ сарапшыларының мәлiметтерi бойынша Жер шарының 3,6 млрд тұрғынында жасырын темір тапшылығы және 1,8 млрд тұрғынында ТТА анықталады екен. Әлемнiң дамушы елдерiнде, әсiресе Африка және Оңтүстiк-Шығыс Азия халықтарында 60 % жуық балалар және құрсақ көтеретiн жастағы әйелдердiң жартысы анемиядан зардап шегедi. Экономикасы дамыған елдерде ТТА таралуы анағұрлым төмен. Мысалы, АҚШ пен Еуропада бұл көрсеткiш 7 % бен 12 % аралығында болса, Ресейде бала босанатын жастағы әйелдер арасында 30 % дейiн жетедi.
Соңғы онжылдықта темір тапшылы күйлердің (ТТК) мәселесі Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерiнде де өте өзекті. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларында жүргiзiлген медициналық-демографиялық зерттеу нәтижелерiне сүйенсек, құрсақ көтеретiн жастағы әйелдер арасында анемияның таралуы 35,5 %, 38,2 % және 60,4 % сәйкес келген. Бұл патология балалар, жасөспiрiмдер, ұрпақ беретiн жастағы әйелдер мен қарттар арасында кең таралған.
Жалпы темір тапшылығы және сонымен қатар темір тапшылық анемиясы да ағзаның барлық жүйелері мен қызметтеріне әсер ететін аз симптомдар деп аталатын бірқатар өзгерістерді туындатады. Адам ағзасындағы темір тапшылығы балалардағы физикалық және танымдық дамудың тежелуін, ересектердегі ой мен жұмыс істеу қызметінің нашарлауын, инфекциялық ауруларды жеңіл жұқтырудың артуын, диареяның және жедел респираторлық инфекциялардың өте ауыр өтуін, аналар өлімінің жоғары деңгейде жүруін, балалардың аз салмақпен туылуын және басқа да мәселелерді туындататын жағымсыз әсерлермен көрінеді
Этиологиясы[өңдеу]
Темір тапшылығы осы биометалдың сіңірілу, тасымалдау және қорға жиналу қызметтерінің жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын бұзылыстары нәтижесінен дамиды.
ТТА-ның ең жиі себебіне созылмалы қан жоғалтулар жатады. Науқасқа білінбейтін, көп емес, бірақ ұзақ уақытқа созылған қан жоғалту (асқазан-ішек жолдарының аурулары) темір қорын үнемі және біртіндеп азайтып, анемияның дамуына алып келеді. Мысалы, 1мл қанда 0,5 мг темір болса, онда қанталайтын геморройы бар адамда күніне 2 шай қасық қан (5 мг темір) жоғалту нәтижесінде физиологиялық тәуліктік жоғалту деңгейі артып, ал ішектен сіңірілетін темір оның орнын толтыра алмауы салдарынан ТТА дамиды.
Қалыпты жағдайда етеккірінің бір айналымы кезінде 30-60 мл қан (15-30 мг темір) кетеді. Әйелдің тамағы құнарлы (ет, балық және басқа да темірге бай өнімдер) болса, ішектен күніне 2 мг темір барынша сіңіріледі де, ол бір айда – 60 мг жетіп, анемия дамымайды. Егер әйел айналым сайын 80-120 мл қанмен 40-60 мг темір жоғалтса, оған қосымша физиологиялық жоғалтуларын ескерсек (1 мг/тәу), онда тағаммен түскен темірдің барынша сіңірілуіне қарамастан биометалдың тапшылығы туындап, анемияға алып келеді. Гиперполименорреяның себептері: жатырдан әр түрлі дисфункциялық қан кетулер (әсіресе пре- және климакс кезеңдері), эндометриоз, жатыр миомасы, жатырдың қатерлі ісігі, геморрагиялық диатездер, жатыр ішілік контрацептердің болуы және т.б.
Гематуриямен жүретін несеп шығару жолы мен бүйректің бірқатар аурулары (гломерулонефрит пен пиелонефрит, Бурже ауруы, несеп-тас ауруы, поликистоз, туберкулез, амилоидоз, айқын нефроптоз, гипернефрома, қатерлі ісігі) ТТА-ға алып келуі мүмкін.
Темірге деген сұраныстың артуы.[өңдеу]
Жүктілік, босану мен лактация — әйелдің өміріндегі темірді көп мөлшерде шығындайтын кезеңдер. Жүктіліктің бірінші үштігінде темірге деген сұраныс қалыптыға жақын болса, екінші үштікте – 3 мг/тәу дейін жоғарылап, үшіншіде — 3,5-4 мг/тәу жетеді. Ю.Г. Митерев, Л.Н. Воронина (1992) көрсеткендей, «бір балаға 600 мг темір кетеді, ал оның орнын толықтыру үшін ең кемінде 2,5-3 жыл қажет». Демек, босану арасы 2,5-3 жылдан аз әйелдерде ТТА жиі дамиды. Сондай-ақ, жүктілік жасырын болған темір тапшылығының айқындалуына алып келеді.
Жасөспірімнің бойы күрт өсіп, жыныстық жетілуі кезеңінде темір тапшылы күйлердің дамуы бір жағынан өсіп жатқан ағза қажеттілігі үшін темір сұранысының жоғарылауы, екінші жағынан – осы биометалл қорының толық толмауы болады. Қыздарда бұған қоса етеккірімен қан жоғалтулар қабаттасады. Қазір анасы жүкті кезінде анемия болып, оны дұрыс емдемеу салдарынан жасөспірімде темір деңгейінің бастапқы кезден-ақ кем болуы дәлелденген.
Спортпен қарқынды шұғылдану барысында физикалық жүктеменің көп болуы, бұлшықет массасының үлкеюі темірге деген сұранысты арттырады, жаттығу барысында термен бірге темірді көптеп жоғалту, ұзақ уақыт физикалық жүктемелерде ішекте темір сіңірілуінің төмендеуі жасырын темір тапшылығының ТТА-ға өтуіне алып келеді.
Тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі[өңдеу]
Тағаммен темірдің жеткіліксіз түсуі «нутрициондық тапшылыққа» себеп болады. Ол қатаң вегетариандық өмір салтын ұстанатындарда (тағамда гемдік темірдің болмауы), өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық деңгейі өте төмен адамдарда (құнарсыз тамақтану) басымырақ байқалады. Өз кезегінде тағамдық темір тапшылығы келесі үрдістердің қорытынды көрсеткіші болуы да мүмкін – тамақпен темірдің аз түсуі, ас қорыту жолдарында оның дұрыс сіңірілмеуі, ағзада темірдің толық жиналмауы, осы биометалдың сұранысы және/ немесе экскрециясының артуы.
Темір сіңірілуінің бұзылыстарына алып келетін негізгі себептер:[өңдеу]
• мальабсорбция синдромына алып келетін созылмалы энтериттер мен энтеропатиялар;
• жіңішке ішектің резекциясы;
• Бильрот ІІ әдісі бойынша асқазанның резекциясы.
Бұл аталған жағдайларда темір тапшылық анемиясы В12(фолий) – тапшылық анемияларымен бірге қосарланып жүруі мүмкін.
Тума гипо-, атрансферринемия, әртүрлі генездегі гипопротеинемиялар (нефротикалық синдром, бауыр циррозы, ауыр созылмалы гепатиттер, мальабсорбция синдромы, алиментарлық жетіспеушілік), трансферринге және оның рецепторына қарсы антидененің пайда болуы темір тасымалдаудың бұзылысына алып келеді. Ол кезде ТТА дамиды.
Патогенезі[өңдеу]
Жоғарыда аталған себептер салдарынан темір тапшылығы біртіндеп және кезеңмен дамиды. Ең алдымен бауырда, көкбауырда, сүйек миында темір қоры азайып, қан сарысуында ферритин деңгейі төмендейді. Бұл кезеңде компенсаторлы түрде ішектен темірдің сіңірілуі күшейеді де, мукоздық және плазмалық трансферрин деңгейлері жоғарылайды. Сарысуда темір әлі төмендемейді, анемия байқалмайды. Бірақ темір қоры біртіндеп азая береді де, сүйек миының эритропоэздік қызметін қамтамасыз ете алмайды. Қанда трансферрин деңгейінің жоғары болуына қарамастан, темір деңгейі айтарлықтай төмендеп (транспорттық темір), гемоглобин синтезі азайып, анемия дамиды, содан кейін тіндік бұзылыстар қосылады.
Темір тапшылығы кезіндегі (ТТК) морфологиялық өзгерістер бауыр, бұлшықет жасушалары мен эритрокариоциттер көлемінің артуымен және митохондрий тығыздығының төмендеуімен сипатталады. Сондай-ақ лимфоциттер мен тіндерде ДНҚ синтезі де тежеледі. Сүйек миы жасушаларында нуклеин қышқылдарының мөлшерлері азайып (ДНҚ мен РНҚ), гем синтезінде оның құрамына кіретін темірдің жылдамдығы баяулайды және ретикулоциттерде РНҚ мөлшері төмендейді. Сонымен бірге эритрокариоциттерде протеин мен порфириндердің алмасуы бұзылады. Осының нәтижесінде сүйек миында эритроид элементтерінің көбеюі мен жетілуі тежеліп, полихроматофильді нормобластар жиналып, жасушалық элементтердің гиперплазиясы байқалады.
ТТК кезінде асқазанның сілемей қабатындағы дисрегенараторлық үрдістер нәтижесінен туындаған секреция мен қышқыл түзілуі төмендейді.
Темір тапшылық анемиясының патогенезі
Ағзада темір жетіспеушілігі гуморалды және жасушалық иммунитет факторларына әсер етіп, ағзаның иммундық төзімділігін төмендетеді. Сау адамға қарағанда ТТА-сы бар адам жұқпалы дерттерге тез шалдығады.
ТТА кезінде эритроциттердің морфологиялық (олардың мембранасы мен метаболизмінде) өзгерістері пайда болып, ТТ тереңдей түскен сайын, оның айқындылығы да арта түседі.
Темір тапшылығы кезінде эпителий тіндерінің (тері және оның қосалқыларының) дистрофиялық өзгерістері жиі табылады.
ТТК кезінде жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді, бауыр, ұйқы безі, бүйрекүсті безінің қыртыс қабаттарының қызмет атқаруы нашарлайды. [1]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ “ҚАН АУРУЛАРЫ”, Байжанова К. Т., Бекмурзаева Э.Қ., оқу құралы, Шымкент 2010